ТЖМ қызметкерлері Шымкент қаласында Бадам өзенінде рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында олар балаларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол берілмейтінін еске салып, жадынамалар табыс етті.
Сонымен қатар су айдындарындағы тәртіп ережелерін бұзғандары үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылды.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.