Шымкентте стенд атудан ҚР кубогі өтуде

26 Ақпан 2022, 22:42
1420
Бөлісу:
Шымкентте стенд атудан ҚР кубогі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 20 ақпаннан бері стенд атудан ҚР Кубогінің I кезеңі мен Шымкент қаласы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ашық турнирі өтуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Элдорадо» спорттық кешенінде өтіп жатқан жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың шеберлігін шыңдау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау.

Спорт додасында Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетуде.

Жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуналарда) өткізіліп жатыр. 

Айта кетейік, жарыс ертең, 27 ақпанда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы