Шымкентте шу шықты: Аудан әкімінің қатысуымен болған төбелес тексеріліп жатыр

Шымкентте аудан әкімінің қатысуымен болған төбелеске қатысты қызметтік тексеріс басталды.

 Шымкент қаласы әкімдігі Бүгiн 2026, 18:32
Бүгiн 2026, 18:32
394
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі аудан әкімінің төбелеске қатысқаны туралы видео тарады. Қала әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеріс басталады.

Қала әкімдігі заңдылық, қызметтік әдеп және кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеу қағидаттарын қатаң ұстанады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада көрсетілген деректер расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырамыз, - делінген қалалық әкімдіктің ресми хабарламасында.

Билік өкілдері тексеріс нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх