Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Шымкентте санитарлық талапқа сай келмейтін 35 өнім анықталды.
Олардың қатарында отандық өнімдермен қатар импорттық тауарлар да бар. Қазіргі таңда сәйкессіздіктер анықталған энергетикалық сусын, консервіленген жеміс-жидек және май өнімдері секілді 66,7 кг тауар түрі сатылымнан шығарылды, деп хабарлады otyrar.kz.
Үшінші мегаполисте санитарлық талапқа сәйкес келмейтін 35 өнім анықталды. Сәйкессіздік анықталған өнімнің 91,4%-ы импорттық болса, қалған 8,5% –ы отандық өндірушілердің тауары. Бүгінде анықталған 66,7 кг өнім, нақтырақ айтқанда энергетикалық сусындар, консервіленген жеміс-жидек және май өнімдері сатылымнан шығарылды дейді мамандар.
Өнім қауәпсіздігіне мониториг жүргізу барысында 2022 жылдың 6 ай көлемінде сауда нысандарынан 1441 өнім сынамалары іріктеп сатып алынып, сараптамалық ортылығына зертханалық зерттеу мақсатында тапсырылды. Сатып алынған сынамалардың ішінде отандық өнім өндірушілер 16,3%, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері – 64,8%, басқа мемлекеттердің өнімдері – 18,8%. Осы 1441 сынама ішінде 61,8 пайыз тағам өнімдеріне тиесілі болса, тағам емес өнімдер 38 пайызды құрайды, - дейді СЭБД техникалық регламент талаптарын сақтауды бақылау бөлімінің бас маманы Жанар Құдаярова.
Сондай-ақ санэпидемиологиялық сараптама барысында құс еті өнімінің 1 түрі, аспаздық өнімнің 2 сынамасында микробиологиялық көрсеткіш бойынша бұзушылық анықталған. Ал импорттық энергетикалық сусынның 3 түрінде адам денсаулығына қауіпті консервант, нақтырақ айтқанда натрий бензонатының мөлшерден тыс қосылғандығы анықталыпты.
Қазіргі таңда, бұзушылық анықталған өнімдер сериясы дүкен сөрелерінен алынып, кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес айыппұл салынды.