Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 7,5 жылға сотталды

14 Маусым 2025, 02:40
879
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Күшербеков 83 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны және заңдастырғаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Шымкенттің ауданаралық қылмыстық сотының үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023-2024 жылдар аралығында Күшербеков "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС директорының орынбасары болып тұрған кезінде мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей, өзінің сыбайласы Бағлан Пернебек басқаратын "Shanyrak Stroy Invest" ЖШС-мен заңсыз келісімшарт жасаған. Жаңа мердігермен шарт бұрынғы орындаушым сяен келісімді біржақты бұзғаннан кейін рәсімделіп, жұмыстың құны 172 млн теңгеге дейін, ал ауқымы 78 үйге дейін ұлғайған.

Сол схема 43 көпқабатты тұрғын үйге қатысты техникалық тексеру мен энергия аудиті кезінде де қолданылған. Қызмет көрсетушіге бастапқыда 6,45 млн теңге төленсе, кейін жаңа келісімшарттарсыз тағы 88,7 млн теңге аударылған.

Ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген Абылайхан Дүйсенбаев Қытайдан қымбат электромобиль сатып алып, ұрланған қаражатты заңдастыруға көмектескен.

Барлық қатысушылар ұсталып, тергеуге алынды. Сот үкімі бойынша Серік Күшербеков 7,5 жылға, Бағлан Пернебек пен Абылайхан Дүйсенбаев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар мемлекетке 88,74 миллион теңге залалды өтеуге міндеттелді, ал заңсыз табысқа алынған көлік мемлекет меншігіне тәркіленеді.

Сотталғандар үкімге апелляциялық тәртіппен шағымдана алады.

Өзгелердің жаңалығы