Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Шымкент қаласындағы қауіпсіздік толығымен бақылауда. Қала қалыпты жағдайда тіршілігін жалғастыруда.
Шымкентте орын алған жаппай тәртіпсіздік әрекеттерінен соң қоғамдық көліктер 6 қаңтар күні уақытша бағыттарға шыққан жоқ. Десек те, қазіргі таңда Шымкент қаласының қоғамдық көліктері штаттық режимде – таңғы сағат 7.00-ден кешке 21.00-ге дейін қызмет көрсетуде.
Автобустарда ешқандай іркіліс жоқ. Төлем әзірге интернет байланысының шектеулігіне байланысты тек қолма-қол жүзеге асырылуда.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуын сұраймыз. Төтенше жағдай кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз, - делінген хабарламада.