Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласына жақын жерде жүк пойызы фураны соғып кетті.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жол апаты Елтай ауылына жақын жерде болған. Елді мекен Шымкент қаласына қарайды.
Volvo жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылған. Енді 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.