Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полицияның қарулы күзетімен банкоматтар толтырылуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін еліміздің аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Осыған орай, Шымкент қаласы аумағында орналасқан “Қазпошта” АҚ-ның және екінші дәрежелі “Halyq”, “Nurbank”, “Альфа-банк”, “Kaspi”, “Jusan” банктерінің банкоматтарын толтыру кезінде инкассаторлардың және олардың қызметтік автокөлігінің қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етуде, - делінген хабарламада.
Бұл жұмысқа Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің 30 арнайы автоэкипажы жұмылдырылды.
Аталған автоэкипаждарда автомат қаруымен қамтамасыз етілген екі қызметкер инкассаторларды таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күзетіп, қызмет атқаруда.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің арнайы автоэкипаж құрамы Жедел басқару орталығынан түскен шақыртулар бойынша қызмет атқаруда.