Шымкентте полиция ғимараттарынан заңсыз ұсталған 31 адам босатылды

Бүгiн, 18:19
139
Бөлісу:
Шымкентте полиция ғимараттарынан заңсыз ұсталған 31 адам босатылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жыл басынан бері Шымкент қаласының полиция басқармаларының ғимараттарынан 31 тұлға босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қалалысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын жүйелі түрде бақылап отырады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының ғимаратындағы қызметтік бөлмелерде адамдарды жеткізудің үш сағаттық мерзімін сақтау туралы Қылмыстық-процесстік кодекстің талаптарының орындалуын тексереді.

Жалпы прокурорлар 2024 жылдың 10 айында полиция ғимараттарында заңсыз ұсталған 31 адамды (оның ішінде Қаратау ауданында – 9, Тұран ауданында – 8, Әл-Фараби ауданында – 7, Абай ауданында – 5, Еңбекші ауданында – 2) босатқан, - делінген Шымкент қалалысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Біз Қылмыстық-процестік заңнамасының мүлтіксіз орындалуына ұмтылуымыз керек, азаматтардың құқық қорғау органдарының ғимараттарында бір минуттан аса негізсіз болуына жол берілмеуі керек және олардың құқықтарын бұзғандар үшін салдары болады.

Жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы