Оқиға кеше түнде Шымкентте болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кездейсоқ куәгер полицияға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлады. Аталған жерге бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті. Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Оқыс оқиға болмады. Бұл – менің міндетім,- деп қысқа қайырды офицер.
Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.