Шымкентте патрульдік полицияның рота командиріне қылмыстық іс қозғалды

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  21 Наурыз 2024 2024, 20:37
21 Наурыз 2024 2024, 20:37
896

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиналған материалдардың нәтижесінде және қала прокуратурасының келісімі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Шымкент полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң ден қояды. Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі тұлға мундирдің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды, - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы.

Наверх