Шымкентте «Пәтер» іс-шарасы барысында 21 пәтер ұрлығы ашылды

23 Мамыр 2021, 20:48
2461
Бөлісу:
Шымкентте «Пәтер» іс-шарасы барысында 21 пәтер ұрлығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Пәтер» жедел шарасы барысында 21 пәтер ұрлығы ашылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Шымкент қаласы аумағында 19-21 мамыр аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шараның мақсаты – пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу. Шара кезінде полицейлер халық арасында өз мүліктерін сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. 

Екі күндік шара барысында барлығы 21 пәтер ұрлығы ашылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай АПБ бойынша төрт қылмыс, Әл-Фараби АПБ бойынша – алты, Еңбекші АПБ бойынша – алты, Қаратау АПБ бойынша бес қылмыс деректері ашылды. Көптеген қылмыстарды жасауға ықпал ететін факторлар жәбірленушілердің өз мүлкіне жауапсыз қарауы, сондай-ақ олардың шектен тыс сенушілігі себеп болады, - делінген ақпаратта. 

Сондықтан да, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы