Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Додаға еліміздің 12 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылар қатысты.
Қазақстан Кубогына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысты. Ал бәсекеге халықаралық дәрежедегі төрешілер Қайрат Төленов, Данияр Айтымбетов, Самат Сапишев және ұлттық дәрежедегі төреші – Геннадий Маменов қазылық етті.
Жалпыкомандалық есепте 4 алтын алған Атырау облысы бірінші, 2 алтын алған Қызылорда облысы екінші, бір алтыны бар Нұр-Сұлтан қаласының командасы үшінші орынға тұрақтады. Үштікке кірген палуандар ұлттық құрама қатарына алынады.
Нәтижелер:
60 кг
1 орын – Сариев Ануар
2 орын – Жамауов Азамат
3 орын – Жұмаділ Ғалымжан, Жұмаділ Бақытжан
66 кг
1 орын – Нокушев Азамат
2 орын – Нұрдаулетов Аслан
3 орын – Гулдибаев Қайролы, Бейсеков Нұржан
73 кг
1 орын – Дәулет Теміржан
2 орын – Тұрымбетов Азамат
3 орын – Мұханбетов Бекзат, Шамей Ергали
- 81 кг
1 орын – Смағұлұлы Ғалымжан
2 орын - Сағындық Қанат
3 орын – Әділбеков Абылай, Мақсатұлы Мирас
-90кг
1 орын – Аманжол Жанбота
2 орын - Таипов Рустам
3 орын – Байменшин Нұржан, Қожан Рамазан
- 100 кг
1 орын – Ерлан Конкиев
2 орын – Ерлан Өтепов
3 орын – Аманат Ырзағалиев, Ильдар Валетдинов
+100 кг
1 орын – Қайрат Шаймерденова
2 орын – Талғат Ажғалиев
3 орын – Болат Смағұлов
- 57 кг (әйелдер)
1 орын – Даяна Федосова
2 орын – Меруерт Дайраханова
+57 кг (әйелдер)
1 орын – Айдана Кенжебай
2 орын – Зарина Байбатина
3 орын – Асем Аманбек