Шымкентте өртті өздігінен сөндірмек болған жігіт күйіп қалды

Бүгiн, 02:30
102
Бөлісу:
Шымкентте өртті өздігінен сөндірмек болған жігіт күйіп қалды
Фото: видеодан кадр

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өрт сөндіру есептоптары отпен қамтылған ғимараттан 50 литрлік газ баллонын жедел шығарып, өртті 70 шаршы метр алаңда сөндірді.

Өрт кезінде 1 жеңіл автокөлік және 3 мотоцикл жанып кеткен.

Өртті өздігінен сөндіруге тырысқан 2007 жылы туған жас жігіттің қолын күйік шалып, ол медициналық көмекке жүгінді, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ егер алғашқы бірнеше минут ішінде өртті сөндіре алмасаңыз, одан әрі онымен күресу пайдасыз ғана емес, өмірге қауіп әкелетінін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы