Шымкентте өрттен 10 адамды эвакуациялады

Бөлісу:
Шымкентте өрттен 10 адамды эвакуациялады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкент қаласында өрттен 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жертөледе өрт шықты.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы