Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден Шымкент қаласында қоғамдық көліктің 20 пайызы ғана жұмыс жасауда. Олардың қатарында "ЯНС" ЖШС, "ЯНС-2" ЖШС, "Экспресс" ЖШС, №4 автокомбинат бар. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық көліктердің қысқартылуының басты себептерінің бірі – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы болып отыр. Осы орайда, Шымкент қаласының Автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағы қоғамдық көліктер мен автобус тұрақтарында залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алды.Бүгінде Шымкент қаласының бас дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес, карантиндік режимнің күшейтілгені мәлім. Сондықтан да, дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, жолаушылардың бетпердемен кіруі және қоғамдық көліктердің ішінде арақашықтықтың сақталуы қатаң бақылауға алынған.