Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан Азия чемпионаты басталды

17 Тамыз 2025, 18:50
592
Бөлісу:
 Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан XVI сары құрлық чемпионатының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты рәсімге Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, нысана көздеуден Азия қауымдастығының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов сынды мәртебелі қонақтар қатысып, сөз сөйледі.

Азияда нысана көздеу жыл сайын қарқынды дамып келеді. Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада Азия спортшылары жалпы есепте көш бастап, барлығы 21 медаль жеңіп алды. Бұл сары құрлық спортшыларының табандылығы мен қауымдастықтағы федерациялардың еңбегінің айқын көрсеткіші. Осы қатарда жүлде алған Қазақстанды тағы бір мәрте құттықтаймын, - деді шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах.

Айта кетейік, алдағы 2 апта ішінде барлық дисциплинада (тапанша, винтовка, жылжымалы нысана көздеу, стенд атудан) жасөспірімдер, жастар мен ересектер өзара бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы