Шымкентте нөсер жауыннан соң көпір астындағы жолды су басып қалды

26 Мамыр 2024, 05:44
985
Бөлісу:
Шымкентте нөсер жауыннан соң көпір астындағы жолды су басып қалды
Фото: скрин

Қалада бүгін күн күрт бұзылып, алдымен дауыл басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейін бір сағаттай толассыз жауған нөсер жауыннан Темірлан тас жолы мен Ахунбабаева көшесінің қиылысындағы көпірдің астын жолды су басып қалды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жаңбыр суының тереңдігі 50 см-ге жеткен.

Су тарту жұмыстарына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 14 мотопомпа және 30 жеке құрам өкілі, жергілікті атқарушы органнан 8 техника, 1 мотопомпа, 20 адам жұмылдырылған.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайсыздық тудырған жауын суы толығымен тартылғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы