Шымкентте науқастарды қашықтан қарайтын жаңа онлайн қызмет іске қосылды

16 Шілде 2020, 13:52
1150
Бөлісу:
Шымкентте науқастарды қашықтан қарайтын жаңа онлайн қызмет іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің білікті дәрігерлері 1430.kz сайты арқылы онлайн тегін кеңес беруге көшті. Бұл сайтқа жергілікті емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын. Олар желі арқылы науқасқа кеңес беріп, алғашқы медициналық көмекті көрсететін болады. 

Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. Яғни, қала тұрғыны сайтқа өзінің атымен, логинімен тіркеледі. Сосын тиісті дәрігерін тапқан соң, бос уақытына сай онлайн кеңеске жазылады. Онлайн кеңес уақытына 10 минут қалғанда дәрігер мен пациентке консультация күтіп тұрғандығы туралы смс хабарлама келеді, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Емханалардағы жалпы тәжірибелік және мамандандырылған дәрігерлер, оның ішінде хирург, травмотолог, уролог, гинеколог сынды жетпіске жуық маман бүгінде сайтқа тіркелген. 

Онлайн қызмет елімізде телемедицинаны дамыту бойынша қолға алынған Start-Up жобалардың бірі. Бұл тәжірибе бұған дейін Нұрсұлтан мен Алматы қалаларында жүзеге аса бастаған.


Өзгелердің жаңалығы