Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте мектептерге шабуыл жасау туралы ақпарат жалған – полиция

Кеше, 23:57
109
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Шымкентте мессенджерлер арқылы мектептерде шабуылдар жоспарланғаны туралы жалған ақпарат таратылуда, деп хабарлайды BAQ. KZ.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қауесеттерге сенбеу және тексерілмеген хабарламаларды таратуға болмайды.

Полиция қазір тексеру жүргізуде, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарды сабырлы болуға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Бұған дейін желіде 16 қаңтарда Шымкент мектептерінде жаппай шабуылдар жоспарланғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы