Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы 30 пайызға дейін артты.&nbsp;</h4> <br>

 26 Ақпан 2021 2021, 21:52
26 Ақпан 2021 2021, 21:52
2597

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы 30 пайызға дейін артты. 

Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді.


Басқарма басшысының сөзінше, осы жылдың қаңтар айынан бастап қаладағы 3288 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 7535 орта буын медицина қызметкерінің еңбекақысы 20 пайызға дейін артқан.

Cонымен қатар Позилов қаладағы эпидемиялогиялық жағдайды баяндады. 

Бүгінге дейін қалада өткен жылдың 24 наурыздан 2021 жылдың 26 ақпанға дейін COVID-19 ауруының 6 111 жағдайы тіркелген. 

Ал емделіп шыққан науқастар саны – 5 551.



Наверх