Аудандық прокуратура лауазымды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының талдауының нәтижесінде су ұңғымаларын рұқсатсыз бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізу фактілері, сондай-ақ олардың орындалуын уәкілетті органдардың және жобалық-сметалық құжаттамамен үйлестірудің жоқтығын анықтады.
Ал рұқсат беру рәсімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті.
Осылайша, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты 5 көшеге (Шымкент қаласы Қаратау ауданы Байдібек би даңғылы, Нұрсәт шағын аудан Измир к-сі., Тұран шағын ауданы Абылайхан к-сі., Батыр-1 және Батыр-2 шағын ауданында Алатау к-сі.) су ұңғымасын бұрғылау, жер-қойнауын және жер асты суларын заңсыз пайдалануды жою бойынша жұмыстарды заңсыз жүргізуге рұқсат берген.
Қадағалау актісі бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасарына қатысты ӘҚБтК-нің 360-бабының 2-бөлігі (Су қорғау аймақтарында және су обьектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту) бойынша хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 73 840 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.