Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады.
Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, жиында қоғамның белсенділері сөз алып, өз алғыстарын да жеткізді, - делінген хабарламада.
"Халық алғысы" медалін алғандар:
1. Әлімбаева Эльмира - Жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігері;
2. Байсақалова Әлия - Жұқпалы аурулар ауруханасының бас медбикесі;
3. Ағабекова Гүлжан - "Мейірім" оңалту орталығының дәрігері;
4. Бұхарбаев Мұхтар - Полиция департаментінің командирі;
5. Ходжанов Руслан – полиция инспекторы;
6. Бабаханов Мадияр - №35748 әскери бөлімінің қызметкер;
7. Ахметова Мейзкүл – Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері;
8. Наимбекова Айжан - "GraMad Retail" ЖШС-ның бас директоры;
9. Қуанышбаева Гүлсара - "Оңтүстік" телеканалының бас редакторы;
10. Ким Евгения – ерікті.