Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте кене шаққан 500-ден астам адам дәрігерге жүгінген

2 Шілде 2025, 23:37
802
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шымкентте кене шаққан адам саны көбейген. Қазірдің өзінде 530 азамат дәрігерге жүгініпті. Олардың екеуінен Конго-Қырым қызбасы анықталып отыр. Сала мамандары бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көп дейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Қазір өңірде кене қаптауына байланысты 11 елдімекен бақылауға алынған. Санитарлық қызмет өкілдері тұрғындарды аулаларын таза ұстап, қоқысты уақытылы шығарып, тазалық шараларын сақтауға шақырады.

Алтын-төбе, Қайнарбұлақ, Игілік, Сауле, Текесу, Тассай, Бадам-1, Қазығұрт, Ақтас-1, Ақжар, Айкөл ықшауаудандары арнайы есепке алынып отыр. Және де осы аймақтарда мемлекет тарапынан бөлінген қаражат есебінен кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысының 1-кезеңі өтті. Тексеріс нәтижесінде сол кезеңнің сапалы жүргізілгені мәлім болды, - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Өзгелердің жаңалығы