Шымкентте инновациялық медициналық-фармацевтикалық кластерді құру басталды

20 Наурыз 2023, 20:29
773
Бөлісу:
Шымкентте инновациялық медициналық-фармацевтикалық кластерді құру басталды
Фото: vera.kz

Шымкентте дәрілік нысандарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау, стандарттау әдістемелерін қолданумен айналысатын инновациялық компаниялар тобынан медициналық-фармацевтикалық кластер құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. 

Осыған байланысты елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш медициналық-фармацевтикалық кластер құру жоспарлануда, бұл импортқа тәуелділікті едәуір қысқартады және  Ұлттық дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы