Шымкентте індет жұқтырғандар саны 60-тан асты 

19 Сәуір 2020, 12:24
1486
Бөлісу:
Шымкентте індет жұқтырғандар саны 60-тан асты  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру жұқтырған 4 адам Шымкент қаласының тұрғындары, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген ақпаратта.   
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.


Өзгелердің жаңалығы