Шымкентте індет жұқтырғандар саны 35-ке жетті

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 2 жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы&nbsp;ақпарат таратты. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 11 Сәуір 2020 2020, 23:56
11 Сәуір 2020 2020, 23:56
1528

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 2 жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Ауру жұқтырғандардың екеуі Шымкент қаласында тіркелді.  Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 11.04.2020 жылғы сағат 23:00 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 35 адам анықталды.

Наверх