Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады.
Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді. Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.
Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.