Полиция жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталды.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.