Шымкентте экологиялық талапқа бағынбаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

12 Наурыз 2023, 02:35
844
Бөлісу:
Шымкентте экологиялық талапқа бағынбаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Фото: baq.kz

Шымкент қаласында экологиялық талаптарды сақтамаған жеті кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар «Ордабасы» мен «Оңтүстік» индустриалды аймақтарында орналасқан. Экологтар, тұрғындарды түтінге тұншықтырған өндіріс орындарына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтаған. Енді зауыттар өндіріс технологиясын жетілдіріп, мұржаға сүзгі орнатпайынша іске қосылмайды.

Жалпы өткен жылы шаһардағы экологиялық талаптарды бұзған  кәсіпорындарға қатысты 161 дерек тіркелді. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексерілу жүргізіліп, жалпы сомасы 38 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тексеру бойынша екі есе, айыппұл бойынша төрт есе артқан, – дейді қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Берік Сәтенов.

Өзгелердің жаңалығы