Шымкентте битум құйылған бөшкеге құлап кеткен ер адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқыс оқиға 11 қыркүйек күні сағат 08:56 Клара Цеткин көшесінің бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС мекемесінде болды.
Ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткен.
Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару бөлімшесінің мамандары тыныс алу аппараты мен альпинистердің арқанын пайдалана отырып ер адамның денесін алып шықты.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында ер адамның денесі полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.