Шымкентте «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды

Бүгiн, 15:37
128
Бөлісу:
Шымкентте «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды
Фото: Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Шымкенттегі «Достық үйінде» 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл қойып, ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасын ашты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков салтанатты іс-шараға қатысушылар алдында Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

Ассамблея жылдар бойы халқымыздың ырысты ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылды. Парламентте өкілдері бар Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналды. Ұйым мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елге қажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр, Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді, – деп ҚХА Төрағасының құттықтауын жеткізген қала әкімі жұртшылықты 1 наурыз – Алғыс айту күнімен және Ассамблеяның 30 жылдығымен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы