Шымкентте бейнекамералар көмегімен 26 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды

21 Тамыз 2020, 15:15
1427
Бөлісу:
Шымкентте бейнекамералар көмегімен 26 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда.  

Осы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер - 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар -19 972, басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша  4687 іс тіркеген. 
Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер қылмыс белгілері бар 138 қылмыстың бетін ашқан. Оның ішінде тонау – 3, бұзақылық – 15, автокөлікті заңсыз иелену – 6, ұрлық – 73, өзге де 41 қылмыстың ізі суытпай ашқан, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ал, бір тәулік ішінде сыртқы бейнекамералар арқылы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тіркелген тәртіп бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушының мекенжайына жолданған. 

Өзгелердің жаңалығы