Шымкентте аялдаманы бүлдірген құрбылар анықталды

Шымкентте ұсақ бұзақылық жасаған құрбылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Шымкент қаласының ПД Бүгiн 2026, 17:08
Бүгiн 2026, 17:08
136
Фото: Шымкент қаласының ПД

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері автобус аялдамасын бүлдірген үш жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған. Қыздардың арасында жанжал туып, ашуланған олар аялдаманың терезесін сындырып, құрылымына зақым келтірген.

Бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылар жедел түрде анықталып, ұсталды. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол берілмейтіні және мұндай іс-әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда саябақта жасөспірім қыздардың тұрғындарға тиіскені хабарланған еді. 

Видео жарияланғаннан кейін жасөспірім қыздар анықталып, ұсталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх