Шымкентте автокөлік өртенді

Шымкенттік құтқарушылар автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 27 Қараша 2024 2024, 01:15
27 Қараша 2024 2024, 01:15
856
Фото: видеодан кадр

Шымкенттік құтқарушылар автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Тұран ауданы Отырар шағын ауданында жеңіл автокөлік өртенген.

Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ автокөлік иелеріне кеңес береді:

  • жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
  • автомобильдің техникалық жай-күйін ұдайы қадағалап отырыңыз;
  • автомобильдің тұтануының бастапқы кезеңінде өрт сөндіргіштің көмегімен отты жоюға тырысыңыз;
  • егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Наверх