Шымкентте қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан:
1. Қонаев-Іляев қиылысы;
2. Арбат демалыс саябағы;
3. Түркістан көшесі №55;
4. Әл-Фараби алаңы;
5. «Моцарелло» мейрамханасының алды;
6. «Чернобыль» гүлзары;
7. «Цум» сауда үйінің алды;
8. №8 мектептің алды;
9. Тыныбаев №49
Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала тұрғындары мен қонақтарынан ауызсу бұрқақтарын ластамай, тиісті санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Сүйікті қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! – деп хабарланды қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, қазір республиканың солтүстігіне «бесқонақ» амалы келіп, ауа райы күрт салқындап жатыр. Ал елдің оңтүстігінде өрік гүлдеп, шие-шетен бүрлеп, мамыражай мамырға аяқ басқалы тұр.