Шымкентте асырап алған әкесі 6 баланы азаптаған

14 Маусым 2024, 13:53
631
Бөлісу:
Шымкентте асырап алған әкесі 6 баланы азаптаған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шымкентте алты баланы асырап алған әкесі оларды жүйелі түрде қорлады деп айыпталып отыр. Алайда ол асырап аларда қамқоршылық органдарына психикалық ауруының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балаларды қамқорлыққа алу кезінде кандидаттар бала асырап алуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын тиісті анықтамалар мен асырап алуға қажет құжаттар тізбесін ұсынды, - деді ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның мәліметінше, Мәжілісте балалардың құқықтарын қорғау және білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Ол бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту көзделген.

Бұл мәселені балалар тұрған әр отбасына, әсіресе қамқорлықтағы балаларға, үнемі баратын және өмір сүру жағдайларын бақылайтын қызметкер тағайындау арқылы шешу керек. Қалған мәселелер бойынша қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Ал қалған барлық ақпарат қылмыстық іс шеңберінде жария етілмейді, - деді ол.

Еске салсақ, Шымкентте асырап алған алты балаға тамақ бермеген, уақытша тұрақта ұстаған. Жұмыс істеуге мәжбүрлеген, мазақ еткен. Асырап алған әкесі психиатриялық ауруханаға жатқызылды, ал оның жұбайы әлі бостандықта.

Өзгелердің жаңалығы