Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды

Кеше, 09:24
396
Бөлісу:
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Фото: Арман Мухатов - архив

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барғаны анықталды.

Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен.

Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді.

Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚМА қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы