Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы тұрғын үйлерді «Атамекен Корпорациясы» және «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігер мекемелері салып жатыр.
№46, №47, №48 үйлердің құрылысы маусым айында, №41, №42, №43 үйлердің құрылысы қыркүйек айында аяқталады.
1 бөлмелі - 96 пәтер, 2 бөлмелі – 96, 3 бөлмелі – 144 пәтер бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі.
Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса, қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.