Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті.
Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді.
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылуға жатады.