Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды

27 Сәуір 2021, 07:21
1533
Бөлісу:
Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

2021 жылдың 23 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2020 жылдың желтоқсан айының соңында белгісіз біреу өзінің жеке ақпаратын пайдаланып, яғни жеке куәлігі арқылы микрокредит ұйымынан 15 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен. 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы