Оқыс оқиға 6 тамызда орын алды. Бұл жайсыз жайт туралы хабарлама «103» шұғыл байланыс желісіне сағат 9:25-те келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тоғыз жасар бала көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген. Анасының айтуынша, бала электрмен жабдықтау қондырғысының қақпағын ашып, ток соғып, есінен танып қалған.
Балаға «бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр» деген диагноз қойылды. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД-ның қоғаммен байланыс тобы.