Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әскери билет әпермекші болған азамат қолға түсті, деп жазды otyrar.kz.
2021 жылдың 12 маусымында Шымкент қаласы полиция департаменті әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға әскерге бармай «әскери билет» алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп 80 000 теңге ақшасын өзінің есепшотына аударып алып, алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазған.
Шымкент қаласы ПД әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.