Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау үшін көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алып отыр. Қалада жалпы қажеттілік 45 орын болса, биылғы жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға жерге оң жақ өткел салынуда, деп хабарлайды otyrar.kz.
Жыл басында биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны 10 болып бекітілді.
Көшелерде жұмыс аяқталған соң 60 жол белгісі орнатылады. Бұл жұмыстар осы жылдың сәуір айында басталған еді, ал аяқталуы қазан айының соңына жоспарланып отыр, – делінген басқарма мәліметінде.