Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы еңбек қатынастарының жағдайы бойынша өткен баспасөз брифингінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов баяндады.
Кәсіподақ төрағасының айтуынша, осы жылы 8 кәсіпорын жалақыдан 74 жұмысшыға 14 млн 104 мың теңге қарыз болған.
Дегенмен қарыз бойынша үш жақты комиссияның көмегімен 37 жұмысшының алдындағы 10 млн 764 мың теңге өндірілген.
Қалада еңбек мәселесіне қатысты үш жақты комиссияның жұмысы әкімшілік-әлеуметтік әріптестер тарапынан үлкен белсенділікке ие болып, жаңа деңгейде жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, бұл – ұжымдық шарт, яғни, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім. Нормативтік-құқықтық құжат көмегімен жұмысшы да, жұмыс беруші де өз құқығын қорғай алады. Өкінішке қарай, біздегі жеке кәсіпорындардың ұжымдық шартты жұмысшылармен бекіту деңгейі өте төмен, – деді Берік Айдарбекұлы.