Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14 Қаңтар 2019, 18:41
1587
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Шымкент қаласында өткен жылы жалпы алаңы 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал қалада жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге артқан. 

Бұл туралы қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов мәлімдеді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар екенін жеткізді.

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі 476 млрд. теңге болып, 2017 жылға өсімі 104,5 % құрап, жоспар орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 104,9% құрап, жоспарға қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға 100,3% құрады. Қалаға бағытталған инвестиция көлемі 2017 жылдан 2,5 есеге артып, жоспар асыра орындалды», - деді Р.Мулкеманов.

Өзгелердің жаңалығы