Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 34 862 отбасыға көрсетілді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Атап айтар болсақ, жәрдемақы 30 472 отбасына шартты ақшалай болса, 4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Осылайша қаладағы мұқтаж жандарға 2411,1 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.Салаға жауаптылар жылдан-жылға жәрдемақы алуға өтініш білдірушілер қатары артып отырғандығын айтады.
Еске сала кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 44 мыңға жуық отбасыдан өтініш қабылданып, жергілікті комиссия шешімімен 33 мыңға тарта отбасыға 17,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Биылға мұқтаж отбасыларды қолдауға 13 529,8 млн теңге көмек көрсету жоспарланып отыр.