Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында биыл 11 айда 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 17,9 млрд теңге бөлінген.
Осы уақыт аралығында 26766 отбасыға шартты, 4 176 отбасыға шартсыз ақшалай көмек көрсетілген.
Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен де қамтамасыз етілуде. Шымкенттегі тұрмысы төмен отбасы балаларын кепілдендірілген әлеуметтік көмекпен қамту үшін 1841,2 млн теңге бөлініп, жыл басынан бері оларға азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы үлестіріліп келеді, – делінген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінде.