Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды

9 Қыркүйек 2025, 07:12
356
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Шымкентте өткен аптада көшеде ретсіз қалдырылған 300-ге жуық электрсамокат айыптұраққа жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушылар самокаттарды ретсіз тастап кету салдарынан көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіру жағдайлары жиілеген. Қалалықтардан шағымдар да көбейген.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты рейд жүргізіп, электрсамокатты пайдаланудағы ереже бұзушылықтарды анықтап жатыр.

Полицейлер тұрғындарды қозғалыс қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және самокаттарды дұрыс пайдалануға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы