Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

30 Мамыр 2023, 01:23
927
Бөлісу:

Оқиға 28 мамырда Республика даңғылы бойында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүлдіршіннің белгісіз жағдайда құлап кеткені туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына сағат 15:00-де «103» жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған.

2020 жылы дүниеге келген қыз дереу орталық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның орын алу себебін Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Осы ретте ТЖД қала тұрғындарын балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы